«КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!» акциясы

«КІТАПХАНАҒА  КІТАП  СЫЙЛА!» акциясы

Кітапхана қорын толықтыру, оқушыларды көркем шығарма  оқуға баулу, кітап құдіретін түсіндіру, оқулықты құрметтеу, сапалы  ұстауға тәрбиелеу мақсатында қаланың барлық білім беру ұйымдарында қыркүйектің 10 мен 30 қазан аралығында ұйымдастырылды.  Мектеп кітапханасына  кітап сыйлаған оқушылар саптық жиында  қалалық білім бөлімінің алғыс хаттарымен  марапатталды. Белсене қатысқан сыныптар арнайы жүлделі орындар иеленді. Олар:  І- орын 3 В сыныбы, ІІ-орын               4Г сыныбы, ІІІ-орын 2 Ә сынып оқушылары және  жеке үй кітапханасы-нан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ө.Ерменбетова, 7 Ә сынып оқушысы Н. Қали, 7 Б сынып оқушысы Т.Есенбековтарды ерекше атауға болады. «КІТАПХАНАҒА  КІТАП  СЫЙЛА!» акциясы жылдың  соңына дейін жалғасады.  №15 мектеп-лицей «Жас өркен» баспасөз орталығы Оспанов Исламбек 7 Б сынып оқушысы