«Педагог-практиктің іс – әрекеттерін зерттеу» тақырыбында облыстық семинар
6 қараша күні Қарағанды қаласында «Педагог-практиктің іс – әрекеттерін зерттеу» тақырыбында екінші (негізгі) деңгей мұғалімдерімен қатысуымен облыстық семинар өтті. Семинарды Қарағанды қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы Қарағанды облысы Білім басқармасы және Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығымен бірлесе отыра ұйымдастырды және Қазақстан Республикасы педагог кадрларының екінші (негізгі) деңгей бойынша біліктілігін арттыру бағдарламасын аяқтаушы түлектерге курстан кейінгі қолдау көрсетуде өз бетінше әрекет ететін топ болып табылады.
Семинардың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Бағдарламасының негізгі зерттеуді ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау.
Семинардың міндеттері:
- Педагог – практиктердің зерттеу қызметін ұйымдастыру барысында кездесетін әр түрлі көзқарастарды зерделеу;
- Мұғалімдер үшін нақты мектеп жағдайында тиімді әдістер мен тәсілдерді анықтау;
- Мұғалімдерге өз қызметіне рефлексивті сараптама жасау қабілеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
- Педагогтердің «Action Research» жүргізу барысындағы іс – тәжірибелерімен танысу және тарату;
- Екінші (негізгі) деңгей бойынша курстан өтетін мұғалімдердің қызметінің мониторингі.
Осы семинарға мектебіміздің екінші (негізгі) деңгейлі мұғалімдері Туяков Е.К., Сатбек С.К., Ахтанова Б.Б., Джакупова З.А., Жуманова Г.М қатысып, секцияда өздерінің іс –әрекетті зерттеу жұмыстары бойынша баяндамаларын жасады.