Арайлы алтын күз
6 қараша күні 5 – 9 сыныптар арасында «Арайлы алтын күз» тақырыбында сайыс болып өтті. Мақсаты: оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға әр облыстың тарихын білуге үйрету, әртістік қабілетін шындау.
Сайыс :
1 кезең –әр облыстарды таныстыру;
2 кезең – облыстардың атақты әншілерінің әндерін орындау;
3 кезең –облыстың тақырыбын ашатын күзгі өнім дайындау;
4 кезең – сән үлгісі, әр түрлі заттардан киім үлгісін көрсету.
5 кезең – «Білгенге маржан» әр түрлі сұрақтарға жауап беру.
Қорытындысында 5- 7 сыныптар аралығында
«Бас жүлдені» - 5 «Б»
1 орын – 7 «А»
2 орын – 7«Б»
3 орын – 6 «Г», 7 «В» сынып ұжымдары жеңіп алып, марапатқа ие болды.
8 – 9 сыныптар аралығында
1 орын – 9 «А»
2 орын – 9 «В»
3 орын – 8 «А» сыныптарына берілді.
Қалған сыныптар номинациямен марапатталды.