29 қазан Республикалық «Қорғаншылар күні» мерекесіне байланысты өткен «Жылы жүрек-жақсы тілек» семинар тренинг туралы АҚПАРАТ
«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-інде 29 қазан Республикалық «Қорғаншылар күні» мерекесіне байланысты «Жылы жүрек-жақсы тілек»семинар тренинг болып өтті. Семинар тренингті әлеуметтік педагог Даригулова Аида Қайратқызы.
Негізгі мақсаты– Қарқорлыққа зәру жандарды, қанатының астына алған жандарды дәріптеу.
Ата – аналардың өзара қарым – қатынасын жақсарту.Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді, делінген Абай Құнанбаевтың 14 қара сөзінде. Алғы сөзді мектеп-лицей директоры Дүбірбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы «Қорғаншылар күні» мерекесімен барлық балалар мен қорғаншы ата-аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Семинар ұйымдастыру кезеңінде барлық қатысушылар Шуленбаева Гульзира Хайдаровнаның бастауымен дайындалған «Менің бейнем» атты тренигпен бастады.
ІІ кезеңде топтық жұмыс өтті. Оқушылар, ұстаздармен және ата- аналар жеке-жек топтарда «Отбасы», «Ана», «Бала» сөздеріне талқылама ой - талдау жасау арқылы, әркім өз функцияларын жазып, тренингті өте көңілді өткізді.
Қамқор аналарға, мұғалімдерге, оқушыларға бейне таспа көрсетіліп терең ойлы дүниелер айтылды. Тақырыпты анықтап, әр қатысушы ой пікірін білдірді. Семинар соңын мектеп директоры қорытындылады, барлық өзекті сұрақтарға жауап айтылды,ата- аналарымен сұхбат жүргізілді.
ІІІ кезеңде Құтжанова Анар Мажитовнаның көшбасшылығымен , «Күн аясында» атты кортынды жасау сәті жүргізілді. Яғни, әр адам озінің жылы тілек лебіздерін, арнайы жасалған, күннің шуақтарына жазып мұнайып тұрған күн бейнесіне күлкі сыйлау мақсатында ой қортындылады.
Сонында әлеуметтік педагог жылы тілек лезбіздерімен мектеп атынан дайындалған сый- сыйапаттарын тарту етті.