АҚПАРАТ

АҚПАРАТ

Сенбіліктің мақсаты:қыс мезгіліне жан- жақты дайындық жұмыстарын жүргізу. Білім мен тәрбие алып отырған мектепке,туған қаласына деген патриоттық көзқарастарын жетілдіру.

Сағ. 9.00-де басталған сенбілікке мектеп- лицейдің педагогикалық ұжымы, кіші шаруашылық қызметкерлері және  7-10 сынып оқушылары жалпы 285 оқушы, 100 шақты  педагогикалық ұжымы мен кіші қызметкерлері қатысты, барлығы 385 адам жұмылдырылды.

Арнайы мектепішілік жоспар бойынша бөлінген мектеп маңындағы аудандарда оқушылар арнайы-құрал жабдықтарды пайдалана  отырып, ағаштың түптерін сылап, жапырақтарды ағаштың түбіне жинап қопсытты. Қоқыс заттардан тазалап және мөшекке салып, тиісті орынға апарып,артық шөптерден тазалап,  бордюрлерді әктеді.

Қараменде би көшесі бойына 7В, 8Б сыныптары сынып жетекшілерімен шықса, Қадыржанов көшесі  (50 м екі жағынан) Иванов көшесінен Уалиханов көшесіне дейін(мектеп территориясын қоса алғанда) 9А,9Ә, сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бойын тазалап, қоқыстарын арнайы жәшіктерге төкті.

10 сынып оқушылары спорт ауласында арнайы мектеп- лицей ата- аналарының қолдауымен жалданған көлікпен 20-25 тоннадай артық заттарды тасыды.

Облыстық сенбілікке барлық оқушылар, мұғалімдер, қызметкерлер және ата- аналар  бір кісідей қатысты.