«Ұстаздарға тағзым» және «Ардагерлерді ардақтайық" атты іс- шаралар туралы АҚПАРАТ

28.09.2015 күні «Ұстаздарға тағзым» және  «Ардагерлерді ардақтайық» атты іс- шаралардың жопары құрылды.

28-03.10.2015 күндері аралығында «Ұстаз-халық анасы!» атты кітап  көрмесі және ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды. Жауапты: Башарова Г.Т., Тойшыбекова Б.Б.

«Ұстаздарға тағзым» атты ақпараттық бұрышқа мектеп- лицей оқушылары ұстаздар қауымына арналған  ашық хатттарды іліп, І қабаттағы теледидардан ұстаздар қауымына құттықтау видеороликтері көрсетілді. Жауапты: Абдрахман Т.

2-10 сынып оқушылары сүйікті сынып жетекшілеріне арнап  «Менің сынып жетекшім» тақырыбында постер жасап, нәтижесінде мануал жасалды. Көшбасшылар мектебінің ұйымдастыруымен әрбір кафедра ұстаздарына құттықтау тілектерін сынып- сыныппен А3 форматында жасап, І қабатта ілінді. Ал, мектеп әкімшілігі мүшелеріне 10-11 сынып оқушылары арнап жасады.

Г. Серикова, Г. Сапарованың ұйымдастыруымен «Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты» тақырыбында шығармалар байқауы өтті. 5 сынып оқушылары аса белсенділік танытты.

01.10.2015 күні Ұстаз ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ете отырып, үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу мақсатында «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты ардагер ұстаздармен дөңгелек үстел өтті. Мектебімізде мұғалімдер  мерекесін  атап өту мақсатында мектеп-лицейімізде көп  жылғы  еңбегі сіңген  ардагер  ұстаздар:  Жүніс Несіақайша Ғылымжанқызы, Аскаров Мадияр Чолкарбаевич, Силуянова Надежда Николаевна қатысып өз ойларын бөлісті. Дөңгелек үстелге мектебіміздің 9 сынып оқушылары қамтылды. Бұл дөңгелек үстелде ардагер ұстаздарының өнегелі өмірі мен қызмет жолынан тәлім-тәрбие алу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара, оқушылар арасында кеңінен насихатталды. Ұлағатты ұстаздардың ұлықты еңбегі жастар үшін әрдайым үлгі болып қала бермек. Өткенсіз бүгін жоқ.

 

«Қарттарым- асыл қазынам» атты акция барысында ардагерлерді құттықтау үшін белгіленген мекен- жайға 7А сынып оқушылары ардагер Окубаев Мәулеттің шаңырағына ,7В сынып оқушылары  ардагер Мұсатай Аманқұл Мұсатайұлы мен Білялова Қазыл Медеуовнаға сынып жетекшілерінің жетекшілігімен барып қайтты.

01.10.2015 күні сынып жетекшілер кафедрасының жетекшісі, екінші (негізгі) деңгей мұғалімі Джакупова Зекен Абитаевна мен бірінші «ілгері» деңгей мұғалімі Сатенова Шарбат Шайкуловнаның қатысуымен 5, 6 сыныптардың сынып жетекшілері мен жас мамандарына «Оқушылардың  сынып сағатында танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану» атты коучинг өткізілді. Мақсаты: оқушылардың Сын тұрғысынан ойлауын дамыту, проблемаларды анықтау  және оларды  шешудің шынайы құралдарын айқындау. Коучинг мұғалімдердің қызығушылығын арттыру мақсатында жақсы психологиялық ахуал туғызудан басталды. Мұғалімдер топқа бөлініп,  топ  ережесін құрып, «Мюнстерберг» әдісі арқылы  сыныпта жаңа тақырыпты ашу жолдарының бірін үйренді. Берілген тапсырмаларды орындау кезінде СТО түрлері туралы түсінік қалыптасты, СТО белсенді элементтері қолданылды.

02.10.2015 күні көшбасшылар мектебінің ұйымдастыруымен «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!» атты шығармашылық концерт өтті. Бұл іс- шараға мектеп әкімшілігі, барлық ұстаздар қауымы және әрбір сыныптан ата- аналар комитеттері шақырылды. Оқушылар өз таланттары мен дарындарын, шығармашылықтарын, өнерлерін әнменғ күймен, бимен, өлеңмен ұстаздар қауымына тарты етті. Тіпті 2012-2013 және 2013-2014 оқу жылының бітіріп кеткен түлектері ыстық ұялары- мектеп- лицейіміздің мұғалімдеріне арнап  жылы тілектерін бейнероликтер арқылы жіберіпті. Кеш өте тартымды өтті.

 

03.10.2015 күні «Ұстаз ұлы тұлға» атты арнайы жоспармен оқушылар мектебінің өзін- өзі басқару күні болды.  10-11  сынып оқушылары арнайы жоспармен ұйымдасқан түрде өткізді.

Семинар- тренингтер де өткізілді.

03.10.2015 күні Ұстаздар мерекенсіне орай 5-6 сынып жетекшілер арасында «Сынып жетекші- сынып ұйытқысы» атты сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша ІІ орынға –Омаров С.К, ІІІ орынға Сулейменова С.С., ІІІ орынға Мұстафина С.С. ие болса, «Ең жігерлі ұстаз» еоминациясымен Икласбаева Д.Е, «Ең жаңашыл ұстаз» номинациясымен  Ахметова Д.Д. марапатталды.

03.10.2015 күні өткен қалалық іс- шараларда біздің мектеп- лицейіміз «Мектептің ескі өмірін» дайындаған болатын.  Қаланың барлық ұстаздарын біздің мектеп- лицей оқушыларынан құралған «Домбырашылар» залы қарсы алып, біздің мектеп- лицей қыздарынан құралған топ ұстаздар қауымына гүл шоқтарын сыйлады.

Ең әсерлі жаңалығымыздың бірі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сұлтанова Балғын Бектаевна Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері медальінің иесі атанды. Құттықтаймыз!