Размер шрифта:

Қала күніне арналған іс-шаралардың өткендігі туралы АҚПАРАТ

Қала күніне арналған іс-шаралардың өткендігі туралы АҚПАРАТ

2015 жылдың 21- 27 қыркүйек аралығында қала күні мерекесіне орай мектептің сыртқы ауласы безендірілді. 

21-23.09.2015 күндері аралығында І қабатта «Мен сүйікті қаламды мақтан тұтамын!» тақырыбында ақпараттық бұрыш ұйымдастырылып, көрме қойылды.

Осы күні «Менің  сүйікті қаламның келбеті» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Кезекші 9Ә сынып көшбасшыларының ұйымдастыруымен І,ІІІ қабаттағы теледидардан «Менің-Балқашым» атты бейнероликтер көрсетілді.

21.09.2015 күні «Туған күніңмен, сүйікті қалам» атты салтанатты саптық жиын өтті.  

23.09.2015 күні бастауыш сынып кафедрасының ұйымдастыруымен Көшбасшылар залында «Біздің қала- біздің еліміз» атты фотоколаж, фотомозаика байқаулары өтіп, мектеп- лицей оқушылары арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

24.09.2015 күні «Балқаш болашақтың қаласы» атты ашық хат байқауына 8А, 6В,6Г сынып оқушысы Кутжанова Арина, сыныптары белсене қатысып Манатқали Мариям ерекше алғыс хатпен марапатталды.

25.09.2015 күні шет тілдер және қоғамдық- гуманитарлық кафедра мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Нұрлы Балқаш- Нұрлы өңір» шығармалар байқауында 9-11 сынып оқушылары  арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

25.09.2015 күні Б. Мырзанбек, А.Құтжанованың жетекшілігімен 2-4 сынып оқушылары қалалық музейге саяхат жасап қайтты.

25.29.2015 күні  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н. Жасымхан 5-6 сыныптар арасында «Біздің жеңісіміз өзіңе арналады, Балқашым»  атты көңілді мәре өтті. 

27.09 2015 Қала күніне арналған арнайы жоспар құрылып, қалалық деңгейде өткен іс- шаралардан да қалыс қалмадық.

Мектепішілік іс- шаралар сағ. 10.00-де басталып кетті.  Мектептің алдыңғы ауласында 2 сынып оқушыларымен А.Құтжанова, Т.Имухамедова сынды сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Менің – Балқашым» атты асфальтқа сурет салу  байқауы өз дәрежесінде өтті. 

3 сынып оқушылары «Ал, қанекей балалар!»спорттық жарысын Ж.Сулейменова, А.Муслимова жетекшілігімен мектептің сол жағында өте көңілді өтті.

4 сынып оқушыларының арасында мектептің оң жағында М.Кушелекова, Ж. Унербекова басшылығымен «Көңілді мәре» спорттық сайысы да өте тартымды өтті. Оқушылар марапатталды.

6 сынып оқушыларымен мектептің сыртқы ауласында «Спорттық эстафета» (60,100, 400 м) өтті. Жауапты: Баженова А..,Ахметова Д.

, Ж. Унербекова басшылығымен «Көңілді мәре» спорттық сайысы да өте тартымды өтті. Оқушылар марапатталды.

7-8 сыныптар арасында қал күніне орай «Балқаш- болашақтың қаласы» атты  Баскетбол ойыны сайыс өтсе, 9 сынып оқушыларымен дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.Тасимбеков волейбол ойындарын өткізді. Жеңген команда арнайы мақтау қағазына ие болды.

Қалалық іс-шараларға тоқталсақ:

«Тәуелсіздік» алаңында өткен  «Менің нұрлы  қалам» асфальтта сурет салу байқауына 7А,Ә, 6Ә сыныптары белсене қатысты, арнайы алғыс хатпен марапатталды. Жауапты: Үсенбекова С.Ү., Сатенова Ш.Ш., Мұстафина С.

«Тәуелсіздік» алаңында өткен «Золотая осень на Балхашской земле» атты шоу - бағдарламаға 5 сынып оқушылары өте белсенді қатысты Атап айтсақ, 5Ә сынып оқушысы Әлібай Мадина «Балқашым» әнін шырқаса, сол сыныпта оқитын құрдастары вальспен көркемдей түсті және жеміс –жидектердің костьюмдерін киіп флеш-мобқа да белсене  қатысты. Жауапты: Д.Икласбаева

Сонымен қатар Гала-концертте 2В  сынып оқушысы Қордабаева Ділназ ән шырқады. Біздің мектеп- лицейдің «Бәйтерек» тобы яғни,  Мекентай Бейбарыс 6Г,Павлик Олжас 6Г, Мейретайұлы Ғалымжан 7Б, Отарбаев Қуат 7Б  «Туған ел» әнін қала күні мерекесіне  халыққа тарту етті. Жетекшісі: Н.Наурызбаев.

«Астана» аллеясында «Балқашым-құтты мекенім» атты  сурет және қолөнер  байқауына  6,7,8 сыныпоқушылары белсене қатысты. Жауапты: Аупешова А.

Адайбекова Ж.К, Әбеу О.Т. Осы жерде  өткен би фестивалінде мектеп- лицейіміздің 9 және 4 сынып оқушыларынан құралған «Назғұмыр» би тобы «Нұрлы жол» композициясын алып шығып арнайыалғыс хатқа ие болды. Жетекшісі: Үсенбекова Н.

«Мысшылар» сарайында өткен «Балқаштың бүгіні, ертеңі, болашығы» сурет байқауында  9В сынып оқушысы Аксанова Дамира  өз қнерін кқрсетіп, арнайы алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Әбеу А.Т.