«Біз балаларымызды қалай қорғаймыз?» тақырыбындағы оn-line режиміндегі облыстық жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
Мақсаты:ата-аналарды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін түсіндіре отырып, балаларға зорлық- зомбылық көрсету және интернет желісін пайдалануда балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернетке тәуелділікті болдырмау.
26.09.2015 күнісағ.11.00-де мектеп- лицейдің №216 оқу бөлмесінде «Біз балаларымызды қалай қорғаймыз?» тақырыбында оn-line режиміндегі облыстық жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа 7-11 сынып арсынан 30 ата-ана қатысты.
Ата- аналар жиналысы екі бөлімнен тұрды. Жиналыстың бірінші бөлімінде Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Аймағанбетов Асхат Қанатұлы осы іс- шаралардың атқарылуы туралы маңызды ақпарат берді.
Жиналыстың екінші бөлімінде мектеп- лицей директоры Қ.Ш.Дүбірбекова күн тәртібімен және мақсатымен таныстырып өтті.
Күн тәртібі бойынша тарих пәнінің мұғалімі А.А. Ермағанбетова ата- аналарға «ҚР номативтік құқықтық актілерін түсіндіріп, ата- ананың баланы тәрбиелеудегі және оған білім берудегі жөніндегі құқықтар мен міндеттерімен таныстырып өтті.
Мектеп- лицейіміздің педагог-психологы А.Т.Акшалова «Бейәлеуметтік жүріс- тұрыстың алдын- алу» тақырыбында лекция оқыды.
Директордың инновация ісі- жөніндегі орынбасары Е.Қ.Тұяқов ата- аналарды интернет желісін пайдалануда балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарымен таныстырды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.А.Бейсекина интернетке тәуелділікті болдырмау үшін ақпараттық жаднамалар мен бүкпеқағаздар таратып, «Мульт интернет- тәуелділік» бейнеролигін көрсетті.
Жиналыс соңында әр түрлі мәселелер бойынша сұрақтар талқыланып, ата- аналардың пікірлері аясында шешімдер мен ұсыныстар жасалды.