«Тіл әлемінде» зияткерлік ойыны

«Тіл әлемінде»  зияткерлік ойыны

16  қыркүйек  тілдер мерекесіне орай 6 сыныптар арасында «Тіл әлемінде» атты зияткерлік ойыны өтті.Ойын мақсаты: оқушыларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тапсырмаларды орындата отырып, өз ойларын үш тілде жеткізе білу, сауатты жазып, оқу дағдыларын қалыптастыра отырып,ана тілдерін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Зияткерлік  ойынды қазақ тілі  мұғалімі Султанова Б.Б., орыс тілі мұғалімі Тулкина Д.М.,ағылшын тілі мұғалімі Икласбаева Д.Е өткізді.Сыныптар бойынша 4 топқа бөлінді. Зияткерлік ойын 5 кезеңнен  тұрады. Ойын соңында әр топ спикерлері тақырыпқа  сай  постер  қорғап,  «Әрқашан күн сөнбесін » әнін үш  тілде орындап  аяқтады.

1 орын- 6 «А»

2 орын- 6 «Б» және 6 «В»

3 орын- 6 «Г»  сыныптары    марапатталды.