«Отбасының бала өміріндегі алатын рөлі» атты ата-аналар жиналысы туралы

«Отбасының бала өміріндегі алатын рөлі» атты ата-аналар жиналысы туралы

11.09.2015ж. күні «Отбасының бала өміріндегі алатын рөлі» тақырыбында жалпы ата – аналар жиналысы өтті. Жиналысқа жалпы -  180 ата – ана және «Балқаш қаласының №2 емханасы» КМҚК №2 емхана педиатр дәрігері Сакенова Мадина Сакеновна, «Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы» аға лейтенанты Болатұлы Асылбек Мерекеевич қатысты.  

 Жиналыста күн тәртібіне сәйкес, отбасындағы тәрбиенің бала өмірінде алатын рөлі, МДЖ мен «Отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл жылын» іске асыру, «Қамқоршылық кеңесі» жұмысының жандануы,«Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігінің ата-аналар тарапынан қадағалануы, сондай-ақ, балалармен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелер қарастырылды.