1 қыркүйек Білім күні- ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «Менің Отаным -Қазақстан» атты салтанатты жиын туралы АҚПАРАТ

1 қыркүйек Білім күні- ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «Менің Отаным -Қазақстан» атты салтанатты жиын туралы АҚПАРАТ

2015 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп- лицейімізде «Менің Отаным -Қазақстан» атты  салтанатты жиын өтті. Жиынға Балқаш қаласының құрметті азаматы, қалалық ардагерлер  кеңесінің төрағасы Кәукербеков Совет Каукербекұлы, «Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі » ММ басшысы Исбекова Айгерім Ауезовна, Балқаш қалалық білім бөлімінің бас маманы Айтжанова Бақыт Сүндетовна қатысты. Салатанатты жиынның құрметті қонақтары оқушыларды, ата-аналарды және педагогикалық ұжымды жаңа оқу жылымен құттықтап,  мектеп табалдырығын жаңа аттаған  бүлдіршіндерге  ақ жол тіледі.     

Барша балқаштықтар  үшін биылғы жыл- ерекше жыл!  Қазақ хандығына 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы,Қазақстан   Халықтар Ассамблеясына 20 жыл, ҚР Конституциясына 20 жыл толып отыр. Осы тұста мектеп –лицейіміздің Назғұмыр би тобы «Нұрлы жол» композициясымен ашылды.        
     

         Бүгінгі мереке әр оқушы, әсіресе жас бүлдіршіндеріміз үшін үлкен қуанышқа толы күн екендігі сөзсіз. Сонымен қатар бүгінгі салтанатты мерекеде «үш жетінің» сыры ашылды.Яғни, 7-ші  рет бүлдіршіндерді 1-ші  сыныпқа мектеп- лицейіміз қабылдап отыр,7-ші рет 2015-2016 оқу жылында 7-ші түлектерін ұшырғалы тұр, жоғарғы оқу орындарын және қаланың арнаулы оқу орындарын үздік,  жақсы бітірген 7 жас мамандармен  толықты. Жас мамандарды еңбек жолына ардагер ұстаздар жетелеп әкелді. Атап айтсақ: Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері Жунус Н. Ғ., Ардагар ұстаз , дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аскаров М.А., Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Силуянова Н.Н., Ардагер ұстаз «Балбұлақ» үйірмесінің жетекшісі Қалиева Н.Қ.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, дамуы жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан бірнеше еңбектер мен кітаптардың авторы. Мектеп- лицей директоры                        Қ.Ш. Дүбірбекова  «Менің Отаным-Қазақстан»  атты кітабын 1-сынып оқушыларына  сыйлық ретінде тарту етті.

Мектебіміздің «Жас Ұлан» үгіт насихат тобы Қазақстан Республикасы Конституцияның 20 жылдығына туралы айтты.  

Мектебіміздің түлегі, оқушылардың көшбасшылары Нұрлыбай Мөлдірайым мен Қабдырашев Әділ жас бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, 11 сынып түлектері «Елге, тілек» әнін тарту етті.

 Алғашқы қоңырау соғу салтанатына 11-ші сынып оқушысы  Қасқабай Әбдібек пен мектепалды даярлық тобын үздік бітірген бүлдіршіндер  Манатқали Медина, Башар Айқын, Сәтімбек Нұрбану, Әліп Әділхан, Оспан Ернұр, Аманжолова Дара, Муратова Томириске берілді.  

 «Менің Отаным Қазақстан» атты салтанатты жиынымыз одан әрі жалғасын тапты.   1- ші сыныптар үшін «Менің Отаным Қазақстан», жоғары сыныптар үшін           «Мәңгілік ел: бір ел, бір тағдыр» атты патриоттық сынып сағаттары өткізілді.

     10-11 сынып оқушыларымен бірге «Ата Заңым- тұғырым» атты патриоттық сабақ өтті. Сабақта  «Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі » ММ басшысы Исбекова Айгерім Ауезовна Қазақстан халқының ерлік істері жайлы, Елбасымыздың Жолдауы туралы әңгімелеп берді.

Оқушылар өз пікірлерін ашық айтып, қойылған сұрақтарға  белсене жауап берді.  Сабақ соңында мектеп- лицей директоры  Қ.Ш.Дубирбекова, ауған соғысының ардагерлері  жылы лебіздерін білдірді.

Барлық сыныптарда патриоттық сынып сағаттары өтті.

1 сыныптар – «Менің Отаным – Қазақстан»

2-4 сыныптар«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына Білім сабағын өткізу

5-8 сыныптар – «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыбына Ерлік Сабағы

9-11 сыныптар – «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбына Бейбітшілік және келісім сабағы

Описание: C:\Users\User\Desktop\Білім күні 2012-2016 фото\a-Zo2SK4OyQ.jpg Описание: C:\Users\User\Desktop\Білім күні 2012-2016 фото\2vnfuo4h37c.jpg