«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізіледі.

Елімізде жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету және жаңа оқу жылының басталуы қарсаңындағы мектепке дайындық кезінде әлеуметтік себептерге байланысты олардың 1қыркүйекте мектепке бармай қалуының алдын алу мақсатында, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізіледі.

Жаңа 2015-2016 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-де «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізілуде.

Қайырымдылық көмегін көрсетуді қалайтын азаматтар, мектебіміздің 1 қабатында орналасқан психологиялық және әлеуметтік қызмет орталығынан 6-86-81 телефоны арқылы ақпарат алуына болады.