Біз бақытты Балдырған!

Біз  бақытты Балдырған!

24 шілде  күні  Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының «Біз  бақытты Балдырған»  тақырыбында салтанатты  жабылуын  өткізді. Мерекелік кеште  «Ақ мамам», «Айгөлек», «Қошақаным»  сияқты әндер  айтылып,  «Бантики», «Вальс»  билерімен жалғасын тапты. Сонымен бірге,  бұл мерекеге Білгішбек, Жалқаубек кейіпкерлері келіп, балаларға әр түрлі ойындар ойнатылды. Қорытындысында  балалар  шарларға  арман, тілектерін жазып, аспанға ұшырды. Балалар  жазғы демалыстарының өте қызықты өткенін айтып, жақсы әсерлерімен бөлісті.