Кітапхана білім ордасы

Кітапхана білім ордасы

21  шілде күні «Балдәурен»  жазғы  сауықтыру орталығы демалушылары   С.Сейфуллин атындағы  қалалық кітапханаға  саяхат жасады.  Қызмет  көрсету  бөлімі  кітапханашысы  Туганбаева  Қ.Н.    кітапхана  тарихымен,  оқу залы, абонементтік бөлімі, еліміздің 4 атаулы мерекесіне және А. Құнанбаевтың  туылғанына 170 жылдығына  арнап жасалған  көрмелерімен  таныстырып өтті.   Қалалық кітапханада библиографияға  сұрақ қою, онлайн қабылдау  қызметі  арқылы жауап  алу,   RSS  жаңалықтар  лентасына  жазылу,  PDF  форматындағы мақаланы жүктеу  онлайн  қызметтері ұйымдастырылған.