Табиғат қандай тамаша!
17 шілде «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығы «Табиғат қандай тамаша!» тақырыбында аппликация жасады. Мақсаты оқушыларды аппликация ұғымымен таныстыру. Оқушының бейнелі ойлау, қол икемділік қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру. Түс жарасымдылығын, композициялық шешімін табуға баулу.Ең алдымен балаларға табиғат жайында толығырақ мәлімет берілді.
Сонымен қатар балалар «Қысқы бақ» залына барды. Бұл жерде көптеген гүлдердің түрімен танысып, гүлді қалай күту керек екендігін біліп қайтты.
Дата: 17.07.2015, 14:22 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі