Салауатты өмір салты
14 шілде «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығындағы балалар «Салауатты өмір салты» тақырыбымен танысты. Бұл тақырыптың мақсаты оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру,насихаттау.Сабақты өткізу барысында балалар ортаға шығып шаттық шеңберін құрды. Шаттық шеңбері арқылы достарына жақсы тілектер айтып,қолдарындағы кішкентай «жүрекшені» айналдыра беріп шықты.
Денсаулық – зор байлық. Оқушылар барлығы бірге: «Байлық-байлық емес,бар байлығым-денсаулық,бар өмірім – денсаулық!» деп хормен айтып шығып,салауатты өмір салтымен толығырақ танысты.Бұл жерде балалар салауатты өмір салтына қандай нәрселер жататындығын айтып шығады.
«Салауатты өмір салтын қолдаймыз», «Табиғат» тақырыптарында суреттер салды. Сабақтан алған әсерлерін бұлт немесе күн таңдау арқылы «Менің көңіл – күйім» деген тақырып ала отырып сабақтың қаншалықты қызықты өткенін білдім.