Жаз ханшайымы

Жаз ханшайымы

Бүгін, 17.06.2015ж мектеп- лицейімізде «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығында  дәстүрлі «Жаз ханшайымы» байқауы болып өтті.  Байқаудың мақсаты:  демалушылардың танымдық қабілетін кеңейтіп, адамгершілік, бойындағы өнері мен дарындылығын, шығармашылығын. Адамгершілік, ізгілік қасиетін дарыта отырып, оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын, шығармашылығын дамыту.

Байқау «Өзге емес, өзім айтам, өз жайымда...», «Бар ізгілік тек білімнен алынар», «Өнерлі бала – елдің көркі», «Сұлулық сыры» сынды 4 кезеңнен тұрды. Сайыскерлер жоғары дайындықпен келгендіктен, сайыс қызықты әрі тартымды өтті. Бас жүлдені Ахатова Гүлнұр, І орынды Алтынбекова Айнұр, ІІ орынды Өмірсерік Айгерім мен Күсембаева Айханым,  ІІІ орынды Абзалбекова Рахат місе тұтты.