1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен іс- шаралар туралы ақпарат

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен  іс- шаралар туралы ақпарат

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

01.06.2015ж. күнімектеп- лицейімізде «Балдаурен» жазғы сауықтыру орталығының салтанатты ашылуы және 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне  арналған «Біз бақытты балдырған» салтанатты жиыны болып өтті. Жиынға «Балдаурен» сауықтыру орталығының І кезеңіне қатысатын оқушылар, мектепалды даярлық топтары мен «Таңшуақ» шағын орталығының тәрбиеленушілері, ата- аналар және ертегі кейіпкерлері қатысты.

«Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының ашу рәсімі мен құттықтау сөз  мектеп- лицей директоры Қ.Ш. Дүбірбековаға берілді.

Балалар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындап болғаннан кейін, Күн кейіпкері сауықтыру орталығының «Алтын ережелерімен» таныстырса,ертегі кейіпкеріндегі «Көбелек»  пен «Перизат»  оқушыларды қызықты ойынға шақырды. Ал, балалар өз білімдері мен өнерлерін көрсетті.

Дәстүрлі «Адамзатқа хат» акциясы да назардан тыс қалмады. Акцияның мақсаты «Балдәурен» сауықтыру орталығының тәрбиеленушілері мен ата-аналар арнайы қойылған жәшікке адамзатқа мейірімді, жүрек жарды жылы сөздерін, ақ тілектерін жазып қалдырды.

          Бүгінгі күннің басты көрсетілімі дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.Қ.Түсіпбаевтың оқушыларды мергендікке,ептілікке баулитын  ұлттық сана- сезімдерін ояту, ұйымшылдыққа баулу  мақсатында  ұйымдастырылған  «Асығың, алшысынан түссін!» мектеп- лицейішілік ашық біріншшілігі өтті.  Біріншілікке 4-5 сынып оқушылары белсене қатысты.  Нәтижесінде: І орынды 5Г сынып оқушысы Дулат Ерлан, ІІ орынды 5Ә сынып  оқушысы Досмагулов Бекзат, ІІІ орынды 5Ә сынып оқушысы Досмагулов Мақсат иеленді.  Ал, 5Г сынып оқушысы Жәнібек Рахат пен 1Ә сынып оқушысы Нұржан Мұхаммед белсене қатысқандары үшін мадақтама қағаздарымен марапатталды.  

Салтанатты жиынның соңында балалар жаппай флеш- мобқа қатысты.Барлық балаларға тәтті балмұздақтар таратылды.

«Таңшуақ» шағын орталығының балалары мектеп- лицейіміздің ауласына сурет салып өз шығармашылықтарын шыңдаса, ал келесі бір топ  жиналған оқушылар көпкешенді кордта ұйымдастырылған «Көңілді эстафетаға» белсене қатысты.

            01.06.2015 күні сағ.10.00-де «Тәуелсіздік» алаңында 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орайұйымдастырылған іс- шараларға да біздің мектеп- лицей оқушылары белсене қатысты.

           «Көңілді старт» спорттық ойыннына біздің мектеп- лицейден дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  А. Отарбаев жетекшілігімен 5 оқушы, 10 қолдаушы барып белсене қатысқаны үшін «Баскетбол» добын жеңіп алды.

 Бастауыш сынып мұғалімі  Сейтқалиева С.Н жетекшілігімен «Сурет салу» байқауына 5 оқушы қатысты.

Сонымен қатар, «Тәуелсіздік алаңындағы»  ауада батпырауық ұшыруға да 5 оқушы қатысып, жақсы көңіл күйге бөленді.