«Педагогтың кәсіби дамуы: серіктестік, жаңашылдық, келешек» атты аймақтық конференция

«Педагогтың кәсіби дамуы: серіктестік, жаңашылдық, келешек» атты аймақтық конференция

          Сәуір айының 29 күні  Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  облыстық «Педагогтың кәсіби дамуы: серіктестік, жаңашылдық, келешек» атты аймақтық конференция өтті.

         Балқаш қаласының №15 мектеп –лицейінен  конференцияға деңгейлік курстан өткен мұғалімдер де қатысып қайтты. Бұл конференцияға ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасын аяқтаған мектеп басшысы  Қарлығаш Шәкәрімқызы облыстың  білім ұйымдарының  басшыларына  «Мектептегі басқаруды дамытудың заманауи тәсілдемелері»  бағытында,  «Педагогтардың бөлінген көшбасшылығы-табысты мектептің жаңа тәжірибесі» атты тақырыпта  семинар- тренинг өткізді.  Семинар –тренингтің басты мақсаты: «Көшбасшылық дағдыны игерген педагогтардың іс –әрекеті арқылы оқыту мен оқуды жақсарту»

  Секция жұмысының бағыттары бойынша  модератор болған директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары Еркін Қайырбайұлы. 

           Қазіргі білім берудегі әлемдік үрдістер мен отандық  білім беру саласындағы жетістіктер мен қиындықтарды талдау мен сараптауға негізделген семинар-тренинг жұмысы қатысушыларға аса пайдалы болды.

     Конференцияға қатысушы ұстаздар қауымына тың серпіліс болғандай, әріптестер арасында серіктестік, жаңашылдық аясын кеңейтуде оң әсерін қалдырды.

     Конференция соңында қатысушылар өздеріне қажетті көптеген мағлұматтар мен әлеуметтік желілерде жұмыс жасауды да меңгергендерін байқатты.