Қостанай қаласында «Дарынды оқушыларды дамытуда экопсихологиялық көзқарас» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар
17.04-20.04 күндері Қостанай қаласында «Дарынды оқушыларды дамытуда экопсихологиялық көзқарас» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға мектеп психологы Акшалова Әлия Тоғанбаевна қатысты. Семинарда дарынды оқушылардың психология-педагогикалық концепциясы, орта және жоғары сынып оқушылары арасындағы дарындылықты әр бағытта анықтау бойынша тренинг, балалардың икемділігін дамытуға арналған интерактивті жаттығулар мен ойындар, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушылардың дарындылығы мен қабілетін дамытудағы экопсихологиялық көзқарас тақырыптарында семинар-тренингтер жүргізілді. Семинарды жүргізгендер: Моисеева Л.В. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, экологиялық педагогика ғылым мектебінің негізін қалаушы. Вербицкая Н.О. – М.Горький атындағы Орал мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессоры.