«Ұлы жеңіске 70 жыл» атты соғыс және тыл ардагерлеріне салтанатты медаль табыс ету шарасы туралы ақпарат

«Ұлы жеңіске 70 жыл» атты соғыс және тыл ардагерлеріне салтанатты медаль табыс ету шарасы туралы  ақпарат

29.04.2015 күні  №15 мектеп лицейдің мәжіліс залында сағат 11.00-де «Ұлы жеңіске 70 жыл» атты соғыс және тыл ардагерлеріне салтанатты медаль табыс ету шарасы өтті.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу; Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру; ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.

         Мектеп- лицейдің І қабатында 9-10 сынып оқушыларынанқұралған «Жанды дәліз» ардагерлерімізді қарсы алды.

Келген ардагерлерді «Балқаш қаласының әлеуметтік  бағдарламалар мен жұмыспен қамту бөлімі» КММ қызметкері Ж.У. Тасимбекова мен мектеп- лицей әлеуметтік педагогі Ж.Б. Төлеуханова тіркеп отырды.

Мерекелік іс- шара бойынша мәжіліс залында тақырыптық безендіру, медальдар қойылып, тақырыптық слайдтар жүріп жатты.

«Тілдер орталығы» КММ директорының орынбасары С.М. Жарылғап,  ауған соғысы ардагері С.Ә. Терликбаевқа, «Балқаш қаласының әлеуметтік  бағдарламалар мен жұмыспен қамту бөлімі» КММ қызметкері Ж.У. Тасимбекова ардагерлерді және қонақтарды құттықтап, төсбелгілерін табыс етті.

Іс-шараны «Шабыт» домбырашылар үйірмесінің «Балбырауын» күйі ашты.

Модератор мектеп- лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Б.М.Абылайханов  құттықтау сөз сөйледі.

Мектеп- лицейіміздің 1А сынып оқушысы Мұқажан Мұхаметәли «Біз болашақ ұланымыз» әнін орындап жатқан сәтте, «Жас ұландар» ардагерлерге тағзым ретінде дефиле көрсетті.

6А сынып оқушысы Ұзақбай Балғын «Ана туралы баллада» әнін орындап, «Назғұмыр» би тобы «Жеңіс алауы» биін биледі.

Салтанатты кештің соңын ер балалар хоры «Идет война» әнімен аяқтап, кеш қонақтары, ардагерлермен естелік суретке түсті.

Шараның соңында ардегерлерді жауапты тұлғалар үйлеріне апарып салды.