Размер шрифта:

18 сәуірде қаламызда облыстық экологиялық сенбілік өтті.

18 сәуірде қаламызда  облыстық экологиялық сенбілік өтті.

Сенбіліктің мақсаты: Студенттерді, оқушылар мен мен қала тұрғындарын облыстық деңгейде өтіп жатқан сенбілікке белесене қатысуға шықырып, мектеп ауласына, қала бойынша  тазалау жұмыстарын жүргізу.

Сенбілікке І ауысымның 8-9 сынып оқушылары жалпы 200 оқушы 3 сабақ біткен соң, ІІ ауысымның 5-7 сынып оқушылары жалпы 350-ге жуық, мектептің кіші қызметкерлері мен педагогикалық ұжымы  қатысты, яғни сағат 11.00-де қалалық сенбілік басталды.

Арнайы мектепішілік жоспар бойынша бөлінген меңтеп маңындағы аудандарға сынып жетекшілері мен оқушылар артық шөптерден тазалау, тұрмыстық қоқыстарды жинау, мектептің кіші шаруашылық қызметкерлері мектеп ауласындағы ағаш түптерін түптеп, мектеп маңыдағы бордюрлерді әктеп,ағаштардың артық сабақтарынқиды.

8Ә және 8Ә сыныптары сынып жетекшілері А. Тілеубек пен Г.Серикованың  жетекшілігімен  қала әкімшілігінен  мектепке  бөлінген Қараменді би саяжолының бойын тазалап, қоқыстарын арнайы жәшіктерге төкті.