Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Біз Қазақстан халықтарымыз» атты оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 20 жылдығына орай  «Біз  Қазақстан халықтарымыз» атты  оқушылар  арасында   мәнерлеп оқу сайысы

Байқаудың мақсаты:   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1995 ж  Қазақстан халқы Ассамблеясын құру  туралы жарлығын орындау мақсатында ,  жас  ұрпақтың бойына  қазақстандық патриотизмді,  азаматтық және рухани-мәдени келісімді  сіңіру, бәсекеге қабілетті  ұрпақты тәрбиелеу, республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету .

1. «Жігерлі болса - ер болар, бірлікті болса- ел болар»  бөлімінде ,  Татулық, бірлік, ынтымақ, халықтар достығы  тақырыптарында жазылған белгілі ақындардың бір өлеңін  мәнерлеп жатқа оқу сайысына Таңат Балнұр қатысып «Сөз зергері» атты мақтау қағазымен марапатталды.

2. «Сен менің бақытымсың , Қазақстан... »  бөлімінде  Туған жер, Отан туралы белгілі  сазгерлердің әнін орындауға 7 Б сынып оқушысы Нұрмағанбетова Малика қатысып мақтау қағазбен марапатталды.

3. «Отаным деп  жыр арнаймын..» бөлімінде жас ақындар шығармаларының сайысына  7 В сынып оқушысы Манатбек Ажар қатысты.