Қала күні

Қала күні

11.04.2015ж «Тәуелсіздік» алаңында облыс, қала басшыларымен қала күніне және «Жеңіс алауын» салтанатты табыстауға арналған іс- шара өтті. 

Шараға қала әкімі, облыстың «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Ауған соғысының, тыл еңбегінің, және Ұлы Отан соғысының ардагерлері , мектеп  әкімшілігі мен мектеп оқушылары, колледж студенттері қатысты.  Шара барысында қала әкімі А.Райымбеков «Жеңіс алауын» Шет ауданының қорғаныс  істер  жөніндегі басшысына салтанатты түрде табыс етті.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Т.Рахимберлина қала тұрғындарын «Қала күнімен» құттықтап, колледждің үздік студенттерін  марапаттады.

Мектеп- лицейімізден 8В сыныбы сынып жетекшісі А.А.Амировамен барып, атаулы іс-шараны көріп, ерлікке тағзым етіп, «Жеңіс алауын» табыстауға қатысып, қала күні мерекесіне арналған іс- шараның куәсі  болды.