Размер шрифта:

Ұлы Жеңістің мерейтойына орай ұйымдастырылған «70 жылдыққа – 70 күн!» акциясы аясында «Жеңіс алауын» қарсы алу салтанатты саптық жиыны туралы ақпарат

Ұлы Жеңістің мерейтойына орай ұйымдастырылған   «70 жылдыққа – 70 күн!» акциясы аясында  «Жеңіс алауын» қарсы алу салтанатты саптық жиыны туралы ақпарат

9.04.2015күні сағат 11.30-да  мектеп- лицейіміздің ерлік залында «Жеңіс алауы» атты салтанатты саптық жиын өтті.

Мақсаты:оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу; оларға патриоттық тәрбие бере отырып, рухы жоғары , қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.

Мектеп- лицей ауласында  келген  «Жеңіс алауын» 8А, 8Б, 8В сынып оқушылары жанды дәлізбен қарсы алды.

І қабатта теледидардан Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған бейнефильмдер көрсетілді. 4А,Ә,Б, В, Г сынып оқушылары «жанды дәлізбен» қарсы алып, «Жеңіс алауын» ІІІ қабатта орналасқан «Ерлік залына» көтерді.

Ерлік залында «Жеңіс алауына» арналған салтанатты саптық жиынға Балқаш қаласының әкімі А.М.Райымбеков, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары  С.Ж. Жақсылықова, Балқаш қалалық мәслихатының  хатшысы Қ.Т. Рахимберлина., Нұр Отан партиясының Балхаш қалалық филиалы бастығының орынбасары Б.М.Секербекова,сондай- ақ Т.Маканалин, Балқаш қаласы қорғаныс бөлімінің басшысы А.Б. Алишев, тыл еңбегінің ардагерлері Мұсатай А.М, Біләлова Қ.М, Окубаев М.  және Ауған соғысының ардагерлері:  Л.М. Нұргалиева т.б. қатысты.

Салтанатты жиын жүргізушілері 9 сынып оқушылары Е. Жамел мен Н. Сейткамалдың жалынды сөздерінен басталып, Қазақстан Республикасының Гимні ойналды. Балқаш қаласының әкімі А.М. Райымбеков және Балқаш қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.К. Кәукербек құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға жылы лебіздерін білдірді. Ұлы тарихта өздерінің өшпес есімдерін  мәңгілік қалдырған батырларға 1 минут үнсіздік жарияланды.

 

Мектеп- лицей ішілік 5 сынып оқушыларынан құралған «Жас ұлан» ұйымы салтанатты саптық жиынға қатысушыларға  дефилесін көрсетсе, 5-6 сынып оқушыларынан құралған  үгіт- насихат тобы  Ұлы Жеңістің 70 жылдығын дәріптеп, майдангер жерлес батырларымыздың есімдері атап, «Ерлік залында» Сағадат Нұрмағанбетов, Балқаштың бес батыры, Қазбек Нұржанов, Тотаев Хаден т.б. ардагерлер туралы мәліметтер бар екендігі залдың, оқушылардың тарихты терең біліп, рухани баюындамаңызы зор екендігі айтылды. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысындағы қос шынардың бірі «Әлия» әнін 4Ә сынып оқушысы Әлібай Мадина орындады.

Саптықжиын аяқталғаннан кейін тыл еңбегінің ардагерлері А.М. Мұсатай, Қ.М. Біләлова, М.Окубаев  және Ауған соғысының ардагерлері  мен оқушылар  сұхбат жүргізіп, ардагерлер кеңес халқыныңт Ұлы Жеңісі Отанға деген сүйіспеншілік пен ынтымағының  арқасы екендігін, бүгінгі бейбіт заманның  маңызын айтып, жас ұрпақты яғни, оқушыларды білім алып, ел ертеңі болар ұлағатты азамат болуларына ақ баталарын беріп,бүгінгі тарихи сәттен ардагерлерге фотосурет сыйға берілді.

Сағат 12.00-13.45 аралығында «Ерлік залында» мектеп- лицей оқушылары саяхат жасап, тарихи мәліметтер алып, соғыс кезінде жазылған тың еңбектермен танысып, соғыс туралы бейнеролик көріп, «Жеңіс алауын» тамашалады.

   

13.45- те «Жеңіс алауы» қаламыздағы №2 Абай атындағы лицейге салтанатты түрде табысталды.