«Түркістан- тарих бесігі» атты саяхат туралы ақпарат
26-29.03.2015 күндер аралығында біздің мектеп- лицейдің 7 және 9 сынып оқушылары жетекшісі Бейсекина К.А. балалар мен жеткіншектер сарайының әлеуметтік комуникациялық дамыту кешенінің жылдық жоспарына сәйкес еліміздің көне қалаларының бірі Түркістан қаласына «Түркістан- тарих бесігі» атты саяхатқа барып қайтты. Облыс бойынша 131 оқушы барған екен. Мақсаты: оқушылар бойына рухани байлық сіңіру үшін қазақ мемлекеттілігінің бесігімен, ежелдгі өркениет мәдениетімен таныстыру. Оқушылар Түркістан қаласындағы «Яссы» қонақүйіне орналасып, бірінші Арыстан Баб кешеніне саяхат жасалды. Көне Отырар және Сауран қалаларындағы тарихи археологиялық ескерткішіне саяхат оқушыларды таң қалдырып, осы көне қалалар орнында қазба жұмыстарын жасады.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде әлемге танымал «Тайқазанды» көзімен көріп, кесененің ішіндегі саяхаттан шыққысы келмеді. Оқушылар өздеріне көп мәлімет жинады. Бұл саяхат келешек ұрпаққа үлкен әсер қалдырып қана қоймай, өз жеріндегі тарихи маңызды құндылықтарды жеке бас бойларына сіңірді.