«Ер сұлтан мен ақ ару» байқауы

«Ер сұлтан мен ақ ару» байқауы

     Бүгін, 19.03.2015ж мектеп- лицейімізде жоғарғы сыныптар арасында дәстүрлі «Ер сұлтан мен ақ ару» байқауы болып өтті.  Байқаудың мақсаты:  оқушыларды  қазақ халқының өткендегі өмірі мен тарихынан хабардар ету, салт дәстүрі мен әдет- ғұрпымен таныстыру. Өмір танымын кеңейтіп, имандылық, ізгілік қасиетін дарыта отырып, оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын, шығармашылығын дамыту.

Байқау «Өзге емес, өзім айтам, өз жайымда...», «Бар ізгілік тек білімнен алынар», «Өнерлі бала – елдің көркі», «Қолөнер сайысы»,  «Сұлулық сыры» сынды 5 кезеңнен тұрды. Сайыскерлер жоғары дайындықпен келгендіктен, сайыс қызықты әрі тартымды өтті. Бас жүлдені 10 сынып оқушылары Ғалымов Нұрдәулет пен Нұрлыбай Мөлдірайым, І орынды 9 «Б» сынып оқушылары Ұзақбай Нұрболат пен Болатова Арайлым, ІІ орынды 9 «А» сынып оқушылары Каримов Нұржан мен Баянтаева Әнел, ІІІ орынды 9 «В» сынып оқушылары Отарханов Мадияр мен Карибекова Аяулым, ІІІ орынды 9 «Ә» сынып оқушылары Романкулова Камила мен Қабдуахит Дарын місе тұтты.