Наурыз айының 17-сі күні мектебімізде «Армысың, әз Наурызым» атты мерекелік іс-шарасына орай 4- сыныптар арасында «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты ер балалар сайысы өтті

Наурыз айының 17-сі күні мектебімізде «Армысың, әз Наурызым» атты мерекелік іс-шарасына орай 4- сыныптар арасында «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты ер балалар сайысы өтті

Наурыз айының 17-сі күні мектебімізде «Армысың, әз Наурызым» атты мерекелік іс-шарасына орай 4- сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімдері Рахимбекова.К.О, Шуленбаева. Г.Ж –ның  ұйымдастыруымен «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты ер балалар сайысы өтті. Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіре отырып, ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді өнерді , білімді сыртқа шығаруды, намысты, тапқыр болуды мақсат еткен бұл сайысқа 5 оқушы қатысты. Сайыс 5 кезең бойынша өтті. Сайыс қорытындысында  бас жүлдені  4 «Ә» сынып оқушысы  Жанабеков Дарын, 1-орынды 4 «А» сынып оқушысы Дуанбеков Азамат, 2-орынды 4 «В» сынып оқушысы Дюсен Жаннұр,  3-орындарды 4 «Б» сынып оқушысы Габдулманап Ерасыл, 4 «Г» сынып оқушысы Өрікбай Наурызбай иеленді.