7.03.15 күні 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай өзін- өзі басқару көшбасшылар мектебінің жұмысы жайлы ақпарат

7.03.15 күні 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай өзін- өзі басқару көшбасшылар мектебінің жұмысы жайлы ақпарат

   7 наурыз күні «8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне» арналған өзін- өзі басқару көшбасшылары  өз жұмыстарын жоғарғы деңгейде атқарды. Мектеп әкімшілігі 10 «А» сыныбынан құралды. Сынып жетекшілер 9,10 сынып оқушыларынан тағайындалды. 4 сынып оқушылары аяулы ұстаздарымызды, ару қыздарымызды жанды дәлізде қошеметтеп қарсы алды, оған жауапты- Мұрат Диас 10 «А» сынып оқушысы болды. Мұғалімдерге ізгі тілек жазылған ашық хаттар таратылды. Радиотораптан жылы лебізді құттықтаулыр оқылды, радиоторапқа жауапты – Мұқашбеков Ерқанат 10 «А» сынып оқушысы. Мектептің 1 қабатындағы теледидардан құттықтау тілектер жүріп жатты. Мерекелік күнге арналған саптық жиын мектептің үлкен спорт залында өткізілді. Мектеп әкімшілігі құттықтау тілектер білдіріп, өзін – өзі басқару орталығының жоспарымен таныстырды.

Ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мақсаты: нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Мерекелік кеште өнерлі оқушылар өздерін басқа қырынан көрсетті, жанды дауысты әуен орындалды. Жауапты оқушылар – Тұрсынханова Асия, Женисова Нұржанат. Мерекелік іс- шараның басы қасында жүріп, жоғарғы жауапкершілікпен жүргізген оқушылар- Мырзабек Алихан, Жамел Ернұр.