Саптық жиын
10.03.2015 күнгі шұғыл саптық жиын өтті. Мақсаты: оқшулардың арасында белең алып отырған телефондық терроризмнің алдын-алу.
Саптық жиында 06.03.2015 күні №4 орта мектептің оқушылары сабақ үстінде ұялы телефонды пайдаланып 101 номеріне хабарласып білім беру мекемесінде жарылғыш заттың орналастырылғанын хабарлап қаламыздың барлық құқық қорғау мекемелерін дүрліктірді. Террористік акт туралы жалған хабар тарату бұл тентектік немесе бұзақылық емес ол қылмыс болып саналады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 273 бабына сәйкес дайындалып жатқан террористік акт бойынша жалған ақпарат таратқан тұлға 6 жылға бас бостандығынан айырылатындығы, ал Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 140 бабы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім терроризм туралы жалған ақпарат хабарласа онда оның ата-анасы немесе ата-ананың міндетін атқарып отырған тұлға 200 айлық көрсеткіш есебінде, яғни 390 мың теңге айып пұл төлейді немесе 180 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 6 күнге тұтқындалады. Сонымен қатар қалада орын алған төтенше жағыдай бойынша барлық мекемелердің шығынын өтеу мақсатында кәмелеттік жасқа толмаған жас өспірімдердің ата-аналары 7-8 млн теңге көлемінде айып пұл төлейтіндігі айтылды. Сонымен қатар осы жағдайды І ауысымның 22 сынып жетекшісіне ата-аналарды хабардар ету тапсырмасы берілді.
Саптық жиынға қатысқандар:
Мектеп әкімшілігі – 7;
Сынып жетекшілер – 22;
Педагог қызметкерлер - 6
4 сыныптар – 108 оқушы
7 сыныптар – 42 оқушы
8 сыныптар – 89 оқушы
9 сыныптар – 101 оқушы
10 сынып – 25 оқушы
11 сынып – 18 оқушы
Қалалық білім бөлімі әдіскері – Әсемханова Г.Б.