Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы
Мектеп-лицейімізде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өтті. Онкүндіктің мақсаты: оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және дамыту.Оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді, сүйіспеншілік адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріліп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолданып, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында ашық сабақтар, пікірталас, мәнерлеп оқу сайысы және ән байқауы, оқушылардың шығармашылық сән көрмесі, қолөнер көрмелері өткізілді. Өткізілгенашық сабақтар өте қызықты, шығармашылық түрде жүргізіліп, барлық әдіс-тәсілдер қолданылды. «Мейірім шапағатын төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. 5-6 сыныптар арасында «Алтын жүрек - анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Нәтижесінде І дәрежелі дипломмен 6 «Ә» сынып оқушысы Ұзақбай Балған, ІІ дәрежелі дипломмен 6 «Б» сынып оқушысы Сапар Еркебұлан, ІІІ дәрежелі дипломмен 5 «В» сынып оқушысы Тахан Айханым марапатталды.Қалған оқушыларға сертификат берілді. Ал, 9 сынып оқушылары арасында «Неге рухани-адамгершілік құндылықтар құлдырауда?» тақырыбында пікірталас өтті, пікірталасқа әр сыныптан 6 оқушыдан 4 топқа бөлініп, шынайы әдеби тілде ойларын еркін жеткізе білді. Мектеп-лицейіміздің «Сән студиясы» үйірмесіне қатысатын 8 -9 сыныптың оқушы қыздарының өз қолдарымен жасаған, табиғи таза материалдардан өңделген замануи үлгіде тігілген киімдеріәділқазы алқасын таңқалдырып, ерекше тігілген киім үлгілеріне арнайы орындар беріліп, дипломмен мараптталды. Сонымен қатар, «Ана, мейірім, достық, бейбітшілік» тақырыбында оқушылардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылардың сурет, қолөнер, қолдан жасалған бұйымдары, іске жарамсыз заттардан жасалған бұйымдар, тоқыма, кесте, су моншақ жұмыстары қойылып, өз ерекшелігімен көпшілікке әсер етті. Мектебіміздің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері: Акшалова А.Т, Тлеуберлина А.Г., Толеубаева А.С. 7В сыныбына «Құдыретті Жер-Ана», 5В сыныбына «Сенім – менің серігім», 2Ә сыныбына «Еңбек бәрін жеңбек » тақырыптарында ашық сабақ өткізді. Онкүндік соңында музыка пәні мұғалімдері Н.Наурызбаев пен Т.Фидахметованың ұйымдастыруымен «Ән – көңілдің ажары» атты эстрадалық ән байқауы өтті. Байқауға 7-8-9 сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде – Гран-приді 7Б сынып оқушысы Нұрмағанбетова Малика, I орынды 8 А сынып оқушысы Тілеуғалы Әлижан иеленді. Ал, II орынға7В сынып оқушылары Мерекеқызы Дільназ, Өмірсерік Айдана лайық деп танылса, III орынды 7А сынып оқушылары Алмұрат Аяулым, Исағали Айтолқын, Сатыбалды Махаббат өзара бөлісіп, қалған қатысушылар қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Онкүндікдің қорытындысы саптық жиында білімдерін көрсетіп, белсенділік танытып, өнерлерін ортаға салған үздік сыныптар мен жеке оқушылар сертификаттар мен мадақтамалармен марапаттады.