Құттықтау!
17-20.02.2015ж. аралығында Алматы қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында 11 А сынып сынып оқушысы Омирбаев Абылайхан жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (әдебиет пәні). Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Султанова Б.Б.
Сонымен қатар, Көкшетау «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» Х Республикалық конкурсының аймақтық кезеңінде 7В сынып оқушысы Сыздықов Дамир ағылшын тілі пәні бойынша ІІІ орынға ие болса(Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гурьянова М.Г.), ал 6Ә сынып оқушысы Есенгалды Ақерке қазақ тілі пәнінен ІІІ орынды иеленді. (Жетекшісі: Ерменбетова Г.О.)
Халықаралық Болгария «Шексіз математика» жобасы аясында турнирдің қысқы турына 140 оқушы қатысып, сертификатқа ие болды. Ал, өте жоғары деңгейде орындаған үздіксіз жеңімпаздар қатарындағы 5 оқушы сертификаттармен марапатталды:
- 9Ә сынып оқушысы Садырбаева Зарина ІІ дәрежелі диплом, күміс медаль. Жетекшісі: Садвокасова А.Т.
- 9Ә сынып оқушысы Өзбеков Батырхан ІІІ дәрежелі диплом, қола медаль. Жетекшісі: Садвокасова А.Т.
- 7В сынып оқушысы Несіпбаева Алуа ІІІ дәрежелі диплом . қола медаль. Жетекшісі: Малгаждарова А.И.
- 4А сынып оқушысы Рашатов Елдос ІІІ дәрежелі диплом. қола медаль. Жетекшісі: Сейткалиева С.Н.
- 2 В сынып оқушысы Сәбит Дәлилә ІІІ дәрежелі диплом. қола медаль. Жетекшісі: Толеуова М.М.
Сонымен қатар, мектеп-лицей оқушылары Халықаралық «Инфоурок» қашықтықтан оқыту олимпиадасына орыс тілі, орыс әдебиеті, ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы, математика, физика, информатика, химия, биология пәндерінен қатысып І,ІІ,ІІІ дәрежелі сертификаттармен марапатталды: олардың ішінде бірнеше пәннен қатысқан оқушылар болды :
8А сынып оқушысы Маратова Ақерке 7 пәннен қатысып , 8А сынып оқушысы Назибекова Гаухар 7 пәннен, 8Ә сынып оқушысы Роллан Жанетта 4 пәннен қатысып, белсенділік танытты және І,ІІ,ІІІ дәрежелі сертификаттармен марапатталды.
Халықаралық «Инфоурок» қашықтықтан оқыту олимпиадасында ерекше нәтиже -химия пәнінен 100 оқушы қатысып сертификат алса, 45 оқушы І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. (Жетекшісі: Ахтанова Б.Б.)