Татулық пен тұтастық арқылы Қазақстан кез келген ғаламат жоспарларды іске асыратын қуатты мемлекет болатынына кәміл сенеміз. Себебі ынтымағы баянды халық қана ұлы белестерді бағындыра алады. Бұл - тұғыры биік, бірлігі жарасқан Ассамблея.
Елімізде қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды.
6 ақпан күні Балқаш қаласындағы «ФОК» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараға біздің мектеп- лицейіміздің 9 сынып оқушылары да қатысып әр ұлттың басын біріктірген шаңырақты көтерді.
Дата: 10.02.2015, 5:40 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі