Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы апталығы аясында «Жарқын болашақ» мектепішілік «KATEV» қазақ тілі олимпиадасы ақпанның 7 жұлдызында өткізілді.
Аталмыш сайыстың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету болып табылатын бұл олимпиада мектебімізде биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Олимпиадада оқушылардың қазақ халқының тілі, әдебиеті, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті секілді ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, тұлғаның өзін-өзі дамытуына және қабілетін ұштауға ықпал ету көзделген.
Онда 5 конкурс: «Тілші әдебиетшілер», «Әнші-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлері», «Жазушылар» аталымдары бойынша бақ сынасты.
Әрбір бағыт бойынша олимпиаданың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан жеңімпаздар марапатталды. Сондай-ақ олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар қалалық деңгейде өткізілетін олимпиадаға іріктелді.
Мектепішілік деңгейде өткізілген олимпиадада жастарымыз нағыз тіл жанашырлары екендігін көрсетіп, келесі жүлделі орындарға ие болды.
"Жас ғалымдар" бағыты
1-орын: 8 «Б» сынып оқушысы Сейділда Үміт,7 «В»сынып оқушысы Сессиева Томирис
2-орын: 9 «Б» сынып оқушысы Құрал Мейірлім
3-орын: 9 «А» сынып оқушысы Баянтаева Әсем, 8 «В»Үкібай Мейіржан
"Жазушылар" бағыты
1-орын: 11-сынып оқушысы Өмірбаев Абылай
2-орын: 10-сынып оқушысы Байсейіт Көзайым
3-орын: 10-сынып оқушысы Нұрланбек Дастан
"Әнші-бұлбұлдар" бағыты
1-орын: 10-сынып оқушысы Нұрлыбай Мөлдірайым
2-орын: 7 «Ә»сынып оқушысы Жаппарова Мадина
3-орын: 7 «В» сынып оқушысы Мерекеқызы Дильназ
"Тілші әдебиетшілер" бағыты
1-орын:11-сынып оқушысы Орымбай Айзере
2-орын: 11-сынып оқушысы Данықбай Дана, 8 «Ә»сынып оқушысы Бекбосын Әмина
3-орын: 11-сынып оқушысы Өмірбаев Абылай,10-сынып оқушысы Эскермес Назира
"Сөз шеберлері" бағыты
1-орын: 10-сынып оқушысы Серікұлы Айбар
2-орын: 8 «А»Таңат Балнұр,6 «Г»сынып оқушысы Оспанов Исламбек
3-орын:6 «Г»сынып оқушысы Мұсақажы Алмат, 7 «А»сынып оқушысы Кәрібай Жаннұр