02.02.2015 күні Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына байланысты өткен іс-шаралар туралы ақпарат
Мақсаты: Оқушыларды толеранттылыққа баулап, өз елін, отанын сүюге тәрбиелеу.
І және ІІ ауысымның оқушыларына арналған саптық жиын барысында мектебіміздің «Жас Ұлан» үгіт-насихат тобы 2015 жылы аталып өтілетін атаулы мерекелер туралы айтып,әр мерекенің мақсаты мен маңызына тоқталды.
Сонымен қатар сынып бөлмелерінде «Мен Елімнің азаматымын», «Қазақстан және Қазақстан халық Ассамблеясы», «Достық пен бірлік – жарқын келешектің кепілі», «Бір шаңырақ астында» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарда оқушылар 2008 жылы 20 қазанда шыққан «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы заңына тоқталып, бейбітшілік сүйгіш мемлекет келбетін жасауда Елбасының салиқалы саясаттарына тоқталды. Келер жылы 4 мерекеге арналған мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық өтетін іс-шараларға белсене қатысып, өздерінің азаматтық парызы екені айтылды.
Мектептің І қабатында атаулы 4 мерекеге арналған яғни «Қазақ хандығынығ 550 жылдығы», «Ұлы Жеңістің – 70 жылдығы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының – 20 жылдығы» және «Қазақстан Республикасы Конституциясының – 20 жылдығына» арналған ақпараттық стенттер жасалды.
Сонымен қатар барлық сынып бөлмелерде ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылып, әр мерекеге арналған негізгі мәліметтер жинақталды.