Ақпараттық хат «Қыс мезгілінде білім беру ұйымдарындағы сабақтардың температуралық режимі туралы»
Ақпараттық хат
Сіздерге, «Қыс мезгілінде білім беру ұйымдарындағы сабақтардың температуралық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 509 бұйрығына және Қарағанды облысының білім Басқармасының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 476 бұйрығына сәйкес оқушылар сабаққа келмейтін параметрлер қарастырылғанын хабарлаймыз:
-25 градустан және төмен желдің жылдамдығы 10-15 м/сек кезінде– 1-4 сынып оқушылары;
-27 градустан және төмен желдің жылдамдығы 2 м/сек кезінде– 1-9 сынып оқушылары;
-30 градустан және төмен желдің жылдамдығы 2 м/сек кезінде– 1-11 сынып оқушылары.
Қаланың барлық мектептері кез-келген температуралық режимде жұмыс істей береді, себебі көптеген оқушылар мектепке жақын жерде тұрады және ауа райы жағдайына қарамастан сабаққа қатысуға мүмкіндіктері бар.
Сынып оқушыларының жартысы сабақта болмаған кезде мұғалімдерге жаңа тақырыпты өтуді жоспарламау, оның орнына бекіту сабақтарын және материалдарды қайталау ұсынылды.
Осылайша, қолайсыз ауа райы жағдайында балаңыздың сабаққа қатысу не қатыспау шешімін Сіз қабылдайсыз. Сонымен қатар, осындай күндері мектепке келмеу себепсіз сабақты босату болып саналмайды.
Біз Сіздермен бірге балалардың денсаулығына алаңдаймыз, сондақтан:
• егер Сіз балаңызды мектепке жіберсеңіз, уайымдамаңыз! Сіздің балаңызды міндетті түрде мектепте мұғалімдер қарсы алады оны сабақ кестесіне сәйкес жеке оқытады;
• мектеп жасындағы кіші балалармен міндетті түрде мектепке барар және қайтар жолда берге еріп бару қажет;
• егер балалар мектепке өз беттерімен барса, онда Сіздерден міндетті түрде баланың мектепке келгенің қадағалап, телефон арқылы сынып жетекшісінің, директордын орынбасарынан немесе қабылдау бөлімінің біле аласыз.
«Балқаш қаласының білім, денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ