30.12.2014-08.01.2015 күндер аралығында қысқы демалыста өткен іс-шаралар туралы ақпарат
Мақсаты:оқушылардың қысқы демалысан дұрыс ұйымдастырып, білімдері мен бойларындағы қабілеттерін жан-жақты дамыту.
Қысқы демалысқа іс-шаралар жоспары 20.12.2014 күні бекітіліп, 30.12.2014 күні қалалық білім бөлімінің жоспары бойынша толықтырулар енгізіліп, бекітілді.
25.12.2014 күнінен бастап оқушылардан және ата-аналардан оқушылардың қысқы қозғалыстары алынды. Сонымен қатар, демалыс кезіндегі оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігіне ата-ана тікелей жауапты екені көрсетілген қолхаттар балалардың заңды өкілдерінен, яғни ата-аналарынан алынды.
02.01.2015 күінен бастап Қазақстан Республикасының «Білім заңы» бойынша жалпыға білім беру айлығы бойынша Балқаш қаласы әкімінің қаулысы бойынша мектеп-лицейге белгіленген мөлтек аудан аралау басталды. І жарты жылдық бойынша аутодиструктивті әдеттер байқалған оқушылардың үйлері араланып, АКТ жасалды. Сынып жетекшілер мереке күндері оқушылардың үйлеріне қоңырау шалып, оқушылардың іс-әрекеттерін қадағалап отырды.
02.01.2015 күні 4-5 сынып оқушылары арасында Д.Ж.Ахметова, К.Ж.Шуленбаеваның ұйымдастыруымен мектептің көпкешенді кортында «Алақай, қыс келді!» атты спорттық ойындар өтті.
05.01.2015 күні қалалық деңгейде өткен «Жаңа жыл, жаңа әуен» мерекелік музыкалық бағдарламаға 5 кіші шаруашылық қызметкерлеріның балалары арнайы шақырумен барып, қатысып қайтты. Сонымен қатар, оқушылар сарайында өткен «Веселый Карнавал» би кешіне А.И.Малгаждарова, А.Ж.Жакупова мектеп-лицейдің аға тәлімгері М.М.Мухаметжанова басшылығымен қатысып қайтты. Мектеп кітапханашылары Г.Т. Башарова мен Б.Б. Тойшыбекова және «Жас Өркен» клубының мүшелері«Қазақ руханиятының жұлдызы» І.Есенберллиннің 100 жылдығына арналған оқырмандар конференциясын өткізді.
Қаңтар айының 5-6 күндері мектеп-лицей ғимаратында қала мектептері арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыс барысында І орынды - №17 орта мектеп, ІІ орынды - №5 орта мектеп, ІІІ орын - №2 Абай атындағы лицей иеленді.
6.01.2015 күні қалалық деңгейде №2 Абай атындағы лицейде өткен «Әр елдің Жаңа жылды қарсы алу дәстүрі жайында не білеміз?» сайысында мектеп-лицейімізің атынан қасқын 7Б сынып оқушысы Кусайнова Светлана жүлделі ІІІ орын алды. Жетекшісі бейнелеу пәні мұғалімі Ж.К.Адайбекова.
06.01.2015 күні математика пәні мұғалімі Н.Кенжебекова мен физика пәні мұғалімі С. Сүлейменова 5-6 сыныптың лицей сыныптары арасында «Қызықты математика» тақырыбында интелектуалды ойын өткізді. Осы күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.У.Тасимбеков 5-10 сынып оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынынан сайыс өткізді.
06.01.2015 күні оқушылар сарайында «Жас нұсқаушы» байқауы өтті. Байқауға мектеп-лицейімізден 8 сынып оқушысы, жас жол инспекторлар тобының командирі тәлімгердің жетекшілігмен М.Жәнібек қатысып қайтты.
8-9 сынып оқушылары арасында «... Фаризажан, Фариза қыз» атты Мұқағали Мақатаев және Фариза Оңғарсынова оқулары өтті. Іс-шараны ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ибрайбекова және Г.Сапарова
08.01.2015 күні информатика пәні мұғалімдері Ж.Серікбаева мен С.Қ.Омарова ұйымдастыруымен интелектуалдық ойын өтті.Ойынның мақсаты информатика пәнінен алған білімдерін шыңдау, функционалдық сауаттылығын арттыру, оқушыларды топпен жұмыс жасауға үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойын 5 кезеңнен тұрды. Оқушылар үш топқа бөлінді:
1-топ «Интернет» ІІ орын
2-топ «Ақпарат» І –орын
3-топ «Компьютер» ІІІ-орын
Ойын барысында «Ақпарат» тобы 316 ұпаймен І- орынға ие болды.
І-ші орын алған 2-топ мүшелері белсенділігі үшін: Таупықова Данагүл, Абикенов Айдын, Жайсанбаев Ердос мақтау қағазымен мадақталды.
Оқушылар сарайында 08.01.2015 күні сағат 14.00-де өткен «Балдәурен» ән және би байқауына мектептен «Назғұмыр» би тобы жетекшісі П.Ш.Айдарбекова мен 2В сынып оқушысы Қордабай Ділназ ән номинациясы бойынша қатысты жетекшісі Т.Фидахметова.
Жалпы мереке күндері және қысқы демалыс кезінде мектеп оқушылары және мөлтек аудан тұрғындары мектеп-лицей ғимаратының спорт алаңында орналасқан көпкешенді кортто коньки теуіп, хоккей ойынын өткізді. 08.01.2015 күні мектеп оқушылары арнайы жоспар бойынша кортта әр түрлі ойындар өткізді.
Қысқы демалыс кезінде оқушылар келіп мұғалімдерден қосымша сабақтар алып, тапсырмалар орындады.
Қысқы демалысқа жоспарланған іс-шаралар барысында оқушылар жауапкершілікпен қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.