Биыл Қазақтың маңдайына біткен біртуар азамат, ақын, жазушы, көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толды.
Саналы ғұмырын ұлтының қамын жеп, қазақтың басқамен терезесі тең болуы жолына арнаған дара тұлғаның мерейтойы қарсаңында бірқатар игі шаралар қолға алынуда.
Соның бірі – қаламызда өткізілген студенттер мен оқушылар арасында «Сәкен оқулары» байқауы. Қалалық деңгейдегібұл сайыс желтоқсанның 14 күні М.Хамзин атындағы мысшылар мәдениет сарайында өткізілді.
Жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру, С.Сейфуллин шығармашылығын насихаттау, студенттер мен мектеп оқушылары арасында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың ережесі бойынша 3 түрлі номинация сарапқа салынады.
«Сыр сандықты ашып қара» номинациясы бойынша ақынның поэзиялық шығармасын мәнерлеп жатқа оқу;
«Мен келем тау ішінде түнделетіп...» номинациясы бойынша Сәкен әндерін орындау ;
«Сәкенге арнау» ақынға арнаған өз шығармасын оқу.
Аталған шараға 12 үміткер қатысып, бақ сынасты. Мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Нұрлыбай Мөлдірайым жүлделі ІІ орынға ие болды.Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Б.Тайжанова.
Аталған конкурстар бойынша Сәкеннің «Аққудың айырылуы» поэмасын ,«Арқаның ақсұңқары-Сәкен сүлей»деген ақынға арнаған өлеңін оқып, «Тау ішінде» әнін нақышына келтіре орындап көпшілік көңілінен шыға білді.