Размер шрифта:

2014 жылдың 3 желтоқсанында «Халық даңқын асқақтатқан Ер Жәнібек» атты ғылыми –практикалық конференция болып өтті.

2014 жылдың 3 желтоқсанында «Халық даңқын асқақтатқан Ер Жәнібек» атты ғылыми –практикалық конференция болып өтті.

2014жылдың 3 желтоқсанында «Халық даңқын асқақтатқан Ер Жәнібек» атты ғылыми –практикалық конференция болып өтті. Конференцияны ұйымдастырушы тарих пәнінің мұғалімі Бейсекина К.А, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тілеубек А. Конференцияның мақсаты: Қазақтың батыры Ер Жәнібектің ерлік істеріне оқушыларды тағзым етуге тәрбиелеу, өз ойларын еркін жеткізе алуға, мәдениеттілікке, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Оқушылар әртүрлі тақырыпта өз ой-пікірлерін жеткізе білді. Конференцияға қала тұрғыны, Ер Жәнібектің ұрпағы Өміртайұлы Бекболат және оқу бөлімінің әдіскері Әсемханова Г.Б қатысып, оқушыларға алғас тілектерін білдіріп, алғыс айтып жатты. Ат салысқан оқыушыларды атап айтсақ, Мырзаханұлы Әлихан, Маратова Ақерке, Құмарбекова Л, Сейтжанов Мәди, Қасен Әліби,Құсайынов Расул т.б Конференция соңында көрініс көрсетіліп, өлең оқылды.