29.11.2014 күні мектептің үлкен спорт залында Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты салтанатты саптық жиын өтті.

29.11.2014 күні мектептің үлкен спорт залында Тұңғыш Президент күні  мерекесіне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты салтанатты саптық жиын өтті.

Мақсаты:  Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;

Қазақстан республикасының Мемлекеттік әнұраны  орындалды. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесінде құттықтау сөз мектеп- лицей директоры Дубирбекова Карлыгаш Шакаримовнаға  берілді.2014-2015 оқу  жылында «Алтын бала» медалімен №15 мектеп-лицейі оқушысы Нұрасыл Камшат  марапатталады.«Жас Ұлан» үгіт насихат тобы Мемлекетінің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы айтты.

        Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының   «Мәңгілік Ел» идеясында  бүгінгі дарын иесі-ертеңгі егеменді еліміздің тірегі  болатын тұлғаның  жеке басы мен қызығушылығын және  бейімділіктерін ескере отырып, кәсіби өз тағдырын өзі шешуіне  жол ашқандығы саптық жиында оқушылардың назарына слайд арқылы көрсетілді. Патриоттық әндер орындалды. Ән: «Сәлем, саған  туған жер!»  әнін 9Б сынып оқушысы Елубаева Мадина орындаса, «Цвети земля»әнін 4Ә сынып оқушысы Әлібай Мадина шырқады. Алтын адамның киімін киген 8-9 сынып оқушылары «Нұрлы жол» атты әуенді- хореографиялық композициясын көрсетті. Саптық жиын соңында мектеп- лицейіміздің жас мамандарына құралған хор «Қазақстан алға» атты патриоттық әнімен аяқтады.