Қарашаның 26-сы күні «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті және оның тәуелсіздікті дамытудағы рөлі» тақырыбындағы 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен танымдық сағат өткізілді.

Бұл шараға  Қазақстан Республикасының  мәдениет саласының үздігі,өлкетанушы,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сардарбекова Күләш Ыбыжанқызыжәне 8-11 сынып оқушылары қатысты. 

         Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі екендігін айта келіп,қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірін сақтап отырған президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы оқушыларға әсерлі әңгімелеп берді.