14 -23 қазан аралығында «Артық салмақтықтың алдын-алу және дұрыс тамақтану» он күндігі бойынша жүргізілген жұмыс мәліметі

14 -23 қазан аралығында «Артық салмақтықтың алдын-алу және дұрыс тамақтану»  он күндігі бойынша жүргізілген жұмыс мәліметі

 

 

14 – 23 қазан  аралығында «Артық салмақтықтың алдын-алу және дұрыс тамақтану»  он күндігі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты – оқушылар арасындағы дұрыс тамақтану қағидаларын қалыптастырып, белсенді өмір позицияларға тәрбиелеу, Жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, денсаулыққа зиян тағамдар және арттық салмақтың зияндылығы  туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Дұрыс тамақтануға және денсаулығын сақтай  білуге  тәрбиелеу.  «Артық салмақтықтың алдын-алу және дұрыс тамақтану» тақырыбында стенд шығарылып, плакаттар ілінді. Жоспар бойынша 16-17 қазан күні мектеп медбибісі М.С.Аткельтированың 6-7 сыныптарға арналғын «Дұрыс тамақтану қағидалары» атты мәлімет, түсіндірме ақпарат бері  жұмыстары жүргізілді. 8 сынып оқушыларының арасында «Салауатты тамақтану – ұлт денсаулығының кепілі» атты шығармалар жазылып, 6-10 сыныптар аралығында «Тиімді тамақтану деген не?» атты сауалнамалар жүргізілді. «Артық салмақтықтың зияны» тақырыбында 10А сынып оқушысы Серикұлы Айбар және 11А сынып оқушысы Өмірбаев Абылайхан радио тораптан баяндама оқыды. 17-20 қазан аралығында 2-4 сыныптар арасында «Ас адамның арқауы» сурет байқауы, 18 қазан 6 сыныптар арасында «Денсаулық бекеті» спорттық сайыс өткізілді. 18 қазан күні 5Ә сыныбында сынып жетекшісі Бейсекина К.А.  «Санаулы ас-саулықтың қоғанысы» атты дөңгелек үстел өткізді. Осы өткізілген он күндік дені сау ұрпақты тәрбиелеуде өз мақсатына жетті.

21 қазан күні №2 емхана педиоторы Сакенова Мадина Сакеновна «Артык салмақтын адам денсаулығына әсері»  және «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» атты дәріс берді