22 қыркүйек - тілдер күні! Тіл мерекесі – барша қазақстандықтар үшін маңызы мен мәні бар айтулы мереке. Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы —Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді. Біздің де мектепте 15 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында «Тілім-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты тілдер фестивалі апта бойы іс-шаралармен аталып өтті. Соның қорытындысы ретінде барлық өткен іс –шаралар«Өз тілім –бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» әдеби- музыкалық кешпен жабылу салтанатында көрсетілді. «Тіл –татулықтың белгісі» атты сынып сағаттары, кітап көрмелері қабырға постерлер ілінді. Мазмұны мен мағынасы жағынан үздік шыққан постерлер көрмеге қойылды.«Тіл тұтастығы –ел тұтастығы» атты 5-11- сыныптар арасынада шығармалар байқауы(қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде), 1-6-сыныптар арасында зияткерлік ойындар «Тіл әлемінде », «Тілі бірдің тілегі бір» болса, Қытай , «Франция және франкофония» атты франция елінің мәдениетіне саяхат болды. «Менің отбасым, Моя семья, My family»жұлдызды сәт, «Книга –лучшие друзья» 3-4- сыныптар ертеңгіліктер болса , поэзия кештеріде апталықта аз болған жоқ. Литературный вечер 7- сыныптар «наедине с осенью»,Ж. Молдағалиев 6-11-сыныптар арасындапоэзия кеші өтті. Сәкен Сейфуллинның 120 жылдығына арналған Сәкен оқулары болып өтті.Үздік өлең оқып елдің көз қуанышы болған І орын алған Балықбаев Ерасыл өлең оқыды. Балықбаев Ерасыл қалалық байқауға жолдама алды, сәттілік тілейміз. Кеш жоғары дәрежеде өтті.
Жауапты мұғалімдер орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулкина Динараға, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибрайбекова Арай, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерЖуматова Индира мен Баженова Асель алғысымызды білдіреміз.