17.09.2014 күні сағат 10.00-10.45 аралығында 5 сыныптар арасында «Қытай еліне саяхат» атты сыныптан тыс шара өтті.

17.09.2014 күні сағат 10.00-10.45 аралығында 5 сыныптар арасында  «Қытай еліне саяхат» атты сыныптан тыс шара  өтті.

    Мақсаты: Қытай Халық Республикасының тілімен, мәдениетімен, ұлттық киім, тағамдарымен, көрнекі жерлерімен таныстыра отырып, оқушылардың қытай тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

  Сыныптан тыс шараға 5А, 5Ә, 5Б, 5В, 5Г сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Сыныптан тыс шара сұрақ – жауап түрінде өтті. Оқушылардың  қызығушылықтары артып, өз белсенділіктерін көрсете білді. Оқушылар Қытай елінің қызықты мәліметтерімен танысты. Мысалға, Ли және Ванг – Қытайда ең көп таралған фамилия ( 3000-нан асады) екенін, сонымен қоса Қытай Халық Республикасының  ұлттық киімдерін, тағамдарын, көрнекі жерлерін слайд – шоу арқылы көріп тамашалады. Иероглифтың мазмұнын түсіну үшін,  оның тарихына шолу жасап, әр түлі иероглифтармен танысты. Ауада жазу әдісін қолданып жазуды үйренді. Аталған іс шара өз деңгейінде өтті.