13.09.2014 күні 5 сыныптар арасында «Менің жанұямның салт-дәстүрлері» тақырыбында отбасылар сайысы өткізілді.
Мектеп, қоғам, отбасы, бала атты төрт жүрек арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында өтті. Сайыстың қорытындысында Алимбетовтар – «Ең ұйымшыл отбасы», Рақымжановтар – «Ең үлгілі отбасы», Мұсабековтар – «Ең мерейлі отбасы», Амирхановтар – «Бірлігі жарасқан отбасы» номинациясына ие болды.
12.09.2014 күні 6 сыныптар арасында «Бірге жетістіктерге жетеміз» атты отбасылық спорттық эстафета өтті.
13.09.2014 күні дене шынықтыру пәні мұғалімдері Түсіпбаев Е.Қ. мен Алимбетова С.А. мектебіміздің жоғары сынып оқушыларынан құралған оқушылар мен әкелер командасы арасында волейбол және футбол ойындарынан жарыс өткізді. Жарыс нәтижесінде жоғарыда аталған қос ойында әкелер бірінші орынға ие болды.
Қазіргі таңда еліміздің күн тәртібінде тұрған әлеуметтік-экономикалық маңызы зор мәселелердің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру. Осы мақсатта әкелер салауатты өмір салтын ұстануда өз баларымен футбол ойынынан кедесу өткізді. Кездесу 2:1 есебімен әкелер командасы жеңіске жетті.
13.09.2014 күні 7 сынып ата-аналарымен кездесу өткізіп, «Адам өміріндегі - отбасы ролі» тақырыбында коучинг ұйымдастырылып, ата-аналар тарапынан мектеп мұғалімдеріне алғыс білдірді.
13.09.2014 күні қалалық деңгейде «»Жас отбасы – 2014» байқауы өтті. Байқауға қатысқан мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Төлеубаева Ә.С отбасымен бағын сынап, жүлделі ІІІ орын алды.
14.09.2014 күні қалалық деңгейде №16 орта мектеп базасында «Отбасы күні» аясында отбасы командалары арасында жарыс өтті. Мектептің намысын қорғаған 6В сынып оқушысы Қасен Әлібидің отбасы Қасеновтар отбасы (Әкесі Касенов Ермек, анасы Алдонгарова Маржан) қатысып ІІІ жүлделі орын алды.
Жоспарланған іс-шаралар өз деңгейінде өтті. Ата-аналар мен оқушылар өз шығармашылықтарын көрсетіп, белсене қатысты