Размер шрифта:

Қалалық «Мектеп күні» өтті

Қалалық «Мектеп күні» өтті

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11-наурыз күні  қалалық «Мектеп күні» өтті. Бұл іс-шараға қаламыздң 20 білім беру ұйымдарының директорлары  мен олардың оқу  және әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. «Мектеп күні» «Мектепішілік басқару мен бақылаудағы жаңа көзқарастар» тақырыбында өтті. Арнайы құрылған мектеп күнінің бағдарламасы бойынша 7 мұғалім ашық сабақ берді: Джакупова З.А.( орыс тілі), Кутжанова А.М. (дүниетану), Малгаждарова А.И. (математика), Амирова А.А. (Қазақстан тарихы), факультатив сабақтардан Ахтанова Б.Б. (химия), Рахимбекова К.О. (математика). Мектеп директоры Қ.Ш.Дүбірбекованың «Оқу сапасы мен тәрбиені жақсартуда мектептегі тиімді бөлінген көшбасшылықтың ролі» тақырыбындағы баяндамасы;  «Мектеп қауымдастығы аясында үздіксіз кәсіби дамуға жетекшілік ету: тиімділікті арттыру, ықпалын күшейту» тақырыбындағы №4 ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысын (Жунус Н.Г., Ерменбетова Г.Ө., Мухаметжанова Ж.С.) қатысушылардың назарына ұсынды.