«Тарих пен тіл тамырлас» тақырыбындағы онкүндік барысында 5 г сыныбында қазақ тілі пәнінен өткізілген ашық сабақ туралы ақпарат.
Қаңтар айының 22-сі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сапарова Г.Б 5 г сыныбында қазақ тілі пәнінен «Кәсіби сөздер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты:Оқушылардың кәсіби сөздер туралы ұғымдарын кеңейте отырып, кәсіби сөздердің мағынасын түсіну, өзіндік белгілерін және қолданылу орнын білу, кәсіпке, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру. Өзін-өзі тану метапәнді интеграциялау негізінде «Жылулық шеңберімен» басталған сабақта оқушыларды 4 топқа бөліп, «Біліміңді сынап көр!»,«Тапқыр болсаң, тауып көр!», «Ойлы болсаң, озып көр!» кезеңдерімен тапсырмалар беріп, топтық жұмыс ұйымдастырылды.
Дата: 25.01.2014, 4:07 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі