Тәуелсіздік күніне орай мектеп кітапханасы «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тарихи-танымдық сағаты өткізді.

Тәуелсіздік күніне орай мектеп кітапханасы  «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тарихи-танымдық сағаты өткізді.

14желтоқсан күні   еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күніне орай мектеп кітапханасы  «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тарихи-танымдық сағаты өткізді. Оған: Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, өлкетанушы, жазушы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі  Сардарбекова Күләш Ыбжановна,«СССР-дің құрметті металлургі», « Еңбек Даңқы» орденінің иегері,"Балқаш қаласының құрметті азаматы, ектебіміздің ата-анасы Оспанов  Жолдаспай аға,Қаламыздың әдеби өміріне еңбегі сіңіп жүрген  ақын-сазгер,«Северное прибалхашье» газетінің тілшісі Ордабаев Қанат, Қалалық білім беру бөлімінің  әдіскері Әсемханова Гүлнар Базылханқызы қатысып бүгінгі ұрпаққа тағылымы мол тарихи деректерге сүйеніп желтоқсан оқиғасы жайлы әңгіме өрбітті. Қорытынды сөзбен мектебіміздің директоры Қ.Ш. Дүбірбекова, және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарих және құқық пәні мұғалімі Б.М. Аблайханов 16желтоқсан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.