«Таза мектепке – таза сөз» акциясы

«Таза мектепке – таза сөз» акциясы

«Рухани-ізгілікті педагогика мектебі»республикалық пилоттық жоба аясында «Таза мектепке – таза сөз» акциясы 2-және 9-желтоқсан аралығында арнайы құрылған жоспар бойынша өтті. Бұл акцияның негізгі мақсаты: оқушылар мен ата-аналардың сөйлеу мәдениетін жоғарылату, бейпілауыздыққа назар аударту. Акция барысында көптеген іс-шаралар, флэшмоб, байқаулар, сайыстар, семинар-тренингтер өтіп, оқушылардан сауалнама алынды. Апта соңында акцияның қорытындысы шығарылып, анализ жасалынды. Ақцияның лейтмотиві ретінде «Өзің естіген сөзге емес, өзің айтқан сөзге сақ бол»  нақыл сөзі алынды.