«Мәңгілік нұрдың қызметшісі»

«Мәңгілік нұрдың қызметшісі»

2013 жылдың 6 желтоқсанында мектебіміздің мәжіліс  залында            «Балқаш қаласы ЖББ №15 орта мектебі» КММ-нің директордың инновация ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты француз тілі пәнінің мұғалімі Несіпқайша Ғылымжанқызының ұстаздық жолын дәріптеуге арналған «Мәңгілік нұрдың қызметшісі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Несіпқайша Ғылымжанқызы  – мектебіміздің мақтанышы, өнегелі еңбегімен өз әріптестеріне үлгі көрсетумен бірге жас ұрпақты жаңа заманымызға сай қазақи рухта тәрбиелеп, сапалы білім беру жолында көптеген игілікті жұмыстар жүргізді.

   Ол кісінің рухани байлығы ең алдымен балаға деген махаббаты жоғары адамгершілігінен байқалады.

    Несіпқайша Ғылымжанқызының  бойында ерекше ұлтжанды болмысы мен дарындылығы, білімі мен білігі, еңбекқорлығы , қарапайымдылығы мен жігерлілігі бар ұстаз . Жалпы еңбек өтілі-41 жыл. Осы жылдар аралығында ұстаздан дәріс  алған 14 оқушысы болашақ мамандықтарын француз тілімен байланыстырып, еңбек етуде. Сол күні Болгарияның София қаласындағы магистратурада оқып жүрген шәкірті Аққожина Айсұлу, Туркиядан- Куанова Алия, Астанадан-Нұрбек Құралай сынды оқушылары өз ұстазын бейнебаяннан құттықтап, шексіз алғысын айтты. Сонымен қатар, Канада, Монреаль қаласындағы заманауи педагогика «Шексіз оқыту» орталығының директоры, профессор, PhD  докторы Г.А.Рудиктің және Қарағанды облыстық оқу-әдістемелік орталығының профессоры Контаев Сәбит Сейітұлы ,Абдрахманова Алуа Сәбитқызы өздерінің ыстық лебіздерін құттықтау хат жолдау арқылы білдірді.

Мерекелік іс-шараға көптеген қонақтар келді.Олар: Балқаш қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Қуанышбаев Айдос Кәріғұлұлы,  ата-аналар қамқоршылық кеңесінің төрайымы Айтжанова Әсем Бикеновна, №8 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қанат Дәркен Каменовна, ата-аналар, мұғалімдер, жоғары сынып оқушылары.

 Осы мерекеде Несіпқайша Ғылымжанқызын  мектеп директоры Дүбірбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы, қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Қуанышбаев Айдос Кәріғұлұлы алғыс хатпен марапаттап, сыйлық табыс етті.